Жара и дожди ждут казахстанцев в ближайшие три дня
"Батыс Сібір арқылы белсенді циклондар бірінің соңынан бірі жылжуда. Соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы өтіп, кей жерлерде өткінші жауын жауады, күн күркіреп, бұршақ түсуі мүмкін, дауылды желдің ұйытқуы 15-25 м/с. Республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа температурасы климаттық деңгейден төмен немесе шамалас болады. Еліміздің қалған бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары. Жақын күндері Қазақстанның оңтүстігінде қатты ыстық болады, күндіз ауа температурасы 33-39ºС, кей жерлерде 43ºС", — деп хабарлады Қазгидромет инженер-синоптигі Зайна Құлжабаев Sputnik Қазақстан агенттігіне.