АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Бензин құйылған резервуар тұтануы салдарынан, "Шымкент мұнайөнімдері" АҚ мұнай базасы өртеніп жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
"07:51-де "Шымкент мұнайөнімдері" АҚ мұнай базасында бензин құйылған резервуар тұтанған, оның көлемі шамамен 3000 метр куб", — деп хабарлады Иманқұлов.
Өрт сөндіру жұмыстарына 28 техника, 120 адам, сонымен бірге нысандық өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамынан 16 адам мен алты су тасушы көлік жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, оқиға орнында өртсөндіргіш пойыз жұмыс істеуде.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің мәліметінше, резервуар жанынан жұмысшының денесі табылған.
Otyrar.kz жергілікті басылымының жазуынша, мұнай базасының жұмысшысы цистернаның қақпағын ашып, бензин деңгейін көрмек болғанда, жарылыс болған. Ер адам бірден қаза тапқан.