Оқиға

"Қазцинк" зауытындағы өрт кезінде зиянды заттар тарады

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтутүтін
түтін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 мамыр күні, кешкі уақытта Өскемен қаласының тұрғындары өнеркәсіптік алаңынан түтін шығып жатқанын байқады.

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Өскемен қаласындағы "Қазцинк" ЖШС өнеркәсіп алаңында болған өрттен кейін ауадағы зиянды заттардың нормадан тыс шамалы асуы тіркелді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының табиғатты қорғау прокуратурасы. 

Бейсенбі, 18 мамыр күні, кешкі уақытта Өскемен қаласының тұрғындары өнеркәсіптік алаңынан түтін шығып жатқанын байқады.

"Казцинк" ЖШС-нің мәліметтері бойынша мыс қорыту цехінің аумағында №2 түтін сорғыш түтік құбыр сүзгішінің автоматты түрде тоқтауы тіркеліп,  40 ш.м алаңды өрт шарпыған. Өрт кейіннен сөндірілді.  

Табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасы бойынша РГП "Казгидромет" РМК мамандары  "Казцинк" ЖШС және "УМЗ" АҚ-ның өнеркәсіптік алаңша аумақтарынан атмосфералық ауаның сынақтарын алды.

Келесі заттектер бойынша санитарлық нормалардың қысқа мерзімді мөлшерден асқаны анықталды:  азот диоксиді —  5,8 есе,  бензол-5,8 есе, бензин – 4,2 есе,  бутилоцитат –  6 есе, толуол 3,7 есе (Астафьев және Куйбышев көшелері).

Қалған заттектердің мөлшерден тыс шығуы байқалмаған. "Казцинк" ЖШС-нің мәліметтері бойынша технологиялық жабдықтар қалыпты түрде жұмыс істеуде.   

Қазіргі кезде осы оқиғаның себептерін экологтар мен уәкілетті органдар анықтауда.


Жаңалықтар
0