Өңірлер

Анасы ер жетіп қалған ұлын интернатқа өткізді

CC0 / / Жас өспірім
Жас өспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мінезі ауыр жасөспрім бір жыл басқа қалада арнайы мектепте оқиды

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Атырауда әйел адам 14 жастағы ұлын бағындыра алмай, интернатқа өткізуге мәжбүр болды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы. 

жан сақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте анасы ұлын өлімші етіп сабады

Басылым атап өткендей, баланың ата-анасы үш жыл бұрын ажырасып кетіпті, ұлы анасының қолында қалған екен. 

Жасөспірімнің мінез-құлқы өзгере бастаған: әуелі өз үйін тонап, ішімдік ішіп, сабаққа бармай қояды. 

Әйел адамды ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны үшін жазалаған да екен. 

Мінезі ауыр ұлына ие бола алмаған шарасыз ана баласын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерге арналған интернатқа өткізуге мәжбүр. 

Сот үкімі бойынша, бала бір жыл Ақтаудағы мектеп-интернатта тұрады. 


Жаңалықтар
0