Оқиға

Шымкентте анасы ұлын өлімші етіп сабады

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтужан сақтау бөлімі
жан сақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер баланың миы ісіді деген диагноз қойды

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында жеті жасар баланы туған анасы өлімші етіп сабап тастады. Ордабасы ауданында жергілікті дәрігерлер баланың өмірі үшін 20 күн бойы күрескен. 

"22 мамыр күні оны Шымкенттің облыстық ауруханасына жеткізді. Қазір бала бір қалыпты ауыр хәлде жатыр. Алдағы уақытта ол ұзақ мерзім бойы емделуі тиіс. Ол ауруханаға көптеген жарақаттар мен күйіктермен түсті. Баланың миы қатты іскен", — деді Sputnik Қазақстанға облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев. 

Әйел баласымен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Анасы ұрып-соққан төрт жасар қыз үйіне қайта оралды

Қазіргі уақытта балаға консервативті (нейрохирургиялық) ем жасалуда. Бала көзін ашып  жатыр, бірақ ешқандай командаға жауап бермейді. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, баланың мүгедек болып қалып, қалмауы туралы әзірге тұжырым жасауға ерте. 

Мамыр айының басында баланы дәрігерлерге анасы әкеліп, ұлының абайсызда құлап жарақаттанып қалғанын айтқан. Алайда, дәрігерлердің мәлімдеуінше, бала құлаудан оның күйіктер мен жарақат ала алмайды. 

"2017 жылғы 3 мамырда ауруханаға баланың жарақаттармен түскені туралы АІІБ-ге хабарлама келген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Соның нәтижелерімен ғана баланың анасына қатысты процессуалдық шешім қабылданатын болады", — деді ОҚО ІІД өкілі Салтанат Қаракөзова. 

Әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы "Денсаулыққа орташа дәрежедегі қасақана зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 


Жаңалықтар
0