Әлем

Дәрігерлер алғашқы адамның басын ауыстыру операциясын қытайға жасап көрмек

CC0 / David Mark / Операция, архив
Операция, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биылғы жылдың соңында әлемдік медицинада сенсациялық оқиға болады – итальяндық нейрохирург қытайлық дәрігерлермен бірге адамның басын ауыстырады

АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Итальяндық нейрохирург Серджио Канаверо биылғы жылдың соңында әлемдегі алғашқы адамның басын ауыстыру операциясын жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Италия. 

адамның қолы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда дәрігер-психиатрды өз үйінде өлтіріп кетті

Екі жыл бұрын дәрігер Канаверо ұсынған бас ауыстыру әдісі ғылыми әлемді дүр сілкіндірді. Жобаны көптеген ғалымдар мен хирургтер сын тезіне алды. Дегенмен, бұл әдістемеге қызығушылық танытқан мыңдаған дәрігер де табылды. 

Қазір "Heaven" деп аталатын жоба ақтық кезеңіне жетті. Sputnik Италия тілшісіне берген сұхбатта дәрігер Канаверо бас аусытыру бойынша алғашқы операция Қытайда өтеді. Жобаны қытай үкіметі қаржыландыратындықтан, алғашқы пациент осы елдің азаматы болады.

"Қытай үкіметі бас ауыстыру кезінде дәрігерлер командасына қытайлық маман жетекшілік еткенін қалайды. Сондықтан сәуірде елдің заңы бойынша мен кытайлық нейрохируг пен оның командасының ассистенті болатынымды жарияладық", — деді Канаверо.

"Өткен жылдың қыркүйегінде Кореяда біз алғашқы зерттеулерімізді жарияладық, ол жобаның сәтті болатынына сенім беріп отыр. Бас ауыстыру кезінде жұлын кесіледі, осыны тышқандарға жасағанда, зерттеулер көрсеткендей, олар қайтадан қозғала бастады. Мұндай операцияларда полиэтиленгликольдің жетілдірілген түрін пайдаланудың арқасында операциядан соң 24 сағаттан кейін нерв импульстері қайтадан кесілген жерден қайта өте бастайды. Жұлынын кесіп, оны полиэтиленгликоль арқылы қалпына келтірген ит 3 аптадан кейін қайта жүгіріп кетті", — дейді дәрігер. 

Канавероның айтуынша, скептиктердің сынына қарамастан, оның командасы кесілген жерде нерв талшықтары өсіп шығатынын дәлелдеді. Сенсациялық оқиға биыл күзге белгіленіп отыр. 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0