Қоғам

ЭКСПО-2017 аумағында оқ салынған пакет табылды

© AFP 2024 / Daniel Roland Оқ
Оқ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақылау камераларының көмегімен пакет иесі табылып, дереу ұсталды

АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аумағына кірерде, бақылау-өткізу пунктінде оқ салынған полиэтилен пакет табылды, деп хабарлады Астана ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Телефон терроризмі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мас адам ЭКСПО-2017 аумағында бомба бар деп хабарлаған

Полицейлер пакетті 20 маусым күні 11:00-де тапқан. Бақылау камераларының көмегімен күдікті, Қарағанды облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабы бойынша сот алды тергеулердің Бірыңғай реестріне тіркелген. Сарапшының қорытындысы бойынша, оқтар зауытта жасалған, иір ойықты аңшы мылтығына арналған. Тергеу ісі басталды.

Полиция атап өткендей, көрме аумағына оқ ататын, травматикалық, газ және суық қару, өткір немесе кесетін құралдар, радиоактивті материалдар, улы, күйдіргіш, бояғыш, тотықтырғыш заттар мен органикалық тотықтар, тұтанғыш және пиротехникалық бұйымдар, жанармай түрлерін, литий — ионды аккумуляторлар (гироскутерлер және т. б.) немесе тұтанатын басқа да заттар алып кіруге тыйым салынған.

Жаңалықтар
0