АСТАНА, 21 маусым — Sputnik. Елордалық әуежайға "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" атауы берілді, үкіметтің тиісті қаулысы ресми БАҚ көздерінде жарияланған.
"Астана халықаралық әуежайының атауы "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" болып ауыстырылсын", — делінген құжатта.
Бұл қаулы алғашқы ресми жарияланымынан бастап күшіне енеді.
Ал жақында салынған жаңа вокзалға "Нұрлы жол" атауы берілген.