Қоғам

Ермекбаев: Сирияға кеткендердің 90%-ы опық жеп, істеген ісіне өкінеді

Жазылу
Министрдің айтуынша, олар қандай да бір халифатта өмір сүргісі келеді, бірақ ол жоқ, ондағылар жай ғана қылмыстық топтар

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Сирияға кеткендердің 90%-ы осы әрекеті үшін өкінеді. Бұл туралы ҚР Дін  істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты. 

Сириядағы ахуал - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сирия аспақ болған 500 қазақстандық кері қайтарылды

Министр Сирияға кеткендердің мәселесі ведомствоның құзыретіне кірмейтінін түсіндірді. Өйткені олардың көбісінің кету себебі діни сенім-наныммен байланысты емес.

"Бұл адамдар исламның құндылықтарын дұрыс түсінбейді. Елімізде діндарларға барлық жағдай жасалған. Ешкім ешкімді зәбірлемейді. Дінді ұстанушылардың құқығы қорғалған. Діни орындар бар, әрине, еліміздің заңына қарсы болмаса өз әдебиеттерін оқи алады. Ал кетіп жатқандар дінді бұрмалап жүр. Олар заңды бұзуда", — деді азаматтардың сұрағына жауап берген Ермекбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, біздің заңымызда шетел асып, лаңкестік және өзге де заңға қайшы қимылдарға қатысып жатқандарға қатысты арнайы норма бар, олар сот шешімімен азаматтығынан айырылуы мүмкін. 

Содырлар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ислам мемлекеті құрамына қосылған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады

"Онда олар үшін кері жол жоқ. Сондықтан кез келген адам лаңкестік ұйымдарға қосылудан бұрын өзін және отбасын отансыз қалдыратынын ойлауы керек. Әдетте, Сирияға кеткендердің 90%-ы кейіннен опық жеп, істеген ісіне өкінеді. Кейбірі қаза табады, кейбірі жазадан қорқып, қайта оралмайды. Бұл – адам трагедиясы. Мұның бәрі интернеттегі уағыздың салдары, таныс адамдар арқылы да насихат жасалып жатыр. Қандай да бір халифатта өмір сүргісі келеді, ол бірақ жоқ. Ондағылар жай ғана қылмыстық топтар, қыз зорлап, ұрлық жасайды, басқа да қылмыстарға барады", — деді министр. 

"Өз атымнан айта кететін бір жайт, қызмет бабымен көп жылымды әр түрлі елдерде өткіздім. Барлық жерде кемшілік бар, оның ішінде біздің елде де. Алайда өз Отаныңнан артық жер жоқ. Ең ғажап ел – ол сенің туған жерің", — деп түйіндеді министр.


Жаңалықтар
0