Қоғам

Ислам мемлекеті құрамына қосылған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады

© Sputnik / Артур Габдрахимов / Медиабанкке өтуСодырлар
Содырлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Террористер қатарында 600-ге жуық отандасымыз болуы мүмкін

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Тыйым салынған террорлық топ ИГИЛ мүшелігіне енген қазақстандықтар азаматтығынан айырылады деп хабарлады Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Мир" телеарнасына берген сұхбатында.

Қазақстан Президенті мемлекетаралық МИР телеарнасына сұхбат берді - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы ҰҚШҰ мен НАТО-ның айырмашылықтары туралы пікір білдірді

"Қазақстан заңнамасы бойынша, елден кетіп, экстремисттік ұйымдарға қатысқан адам елімізге қайта оралмайды, азаматтығынан айырылады. Бұл қажетті шара. Біздің елімізден 500-600 адамдай бар шығар, ал бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен өте көп, 5 мың, тіпті одан да асады дейді. Кавказ, Орта Азия, қаншасы жұмыс істеп жатқанын білеміз", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, адамдар сол жаққа кетпес үшін шара қолдану керек.

"Қайта оралғандармен профилактикалық жұмыс істеуге тырыстық, бірақ ол тиімді болмады, сол себепті елге оралуға жол бермеуге шешім қабылдадық", — деп ойын қорытты президент.

Жаңалықтар
0