Қоғам

"Болашақ" басшысы қызметінде қалды

Жазылу
Орталық президентін қызметінде қалдырып, бірақ оған "қатаң сөгіс" жариялау ұйғарылды

АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы басшысы Жанболат Мелдешовке қатысты мекеме қызметкерлерінің шағымдарын тексерген комиссия, оны қызметіне қалдырып "қатаң сөгіс" жариялау туралы шешім қабылдады.

Болашақ ХБО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Болашақ" бағдарламасына қатысты хаттағы қолдардың біразы "жалған" болып шықты

"Болашақ" президенттік білім беру бағдарламасын басқаратын "Халықаралық бағдарламалар орталығының" қызметкерлері басшыларына қатысты шағымданып, Президент Әкімшілігіне, Бас прокуратураға, білім және ғылым министрлігіне арыз жазғаннан кейін Орталықта дау шықты. Олар Орталықта өткен жиналыста "Болашақ" стимендиясы иегерлеріне тіл тигізіп, оларды "малдар" деп атаған басшылардың бірінің видеосын халық назарына ұсынды. 

Білім және ғылым министрлігі шағымда келтірілген деректерді қарау үшін комиссия құрады. Ал Орталық жетекшісін тексеру кезіне қызметтен шеттеткен болатын.

Стресс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Болашақ" бағдарламасындағы шу: стипендия иегерлеріне тіл тигізіпті

"ҚР БҒМ комиссиясының шешіміне сәйкес, Орталық президентін қызметінде қалдырып, бірақ оған "қатаң сөгіс" жариялау ұйғарылды. Сондай-ақ біз бүгін жұмыстан босатылған қызметкерлерді қызметіне қайта алу туралы келісімге қол еткіздік. Әйтеуір жүкті қызметкер мен қарауында үш кәмелет жасқа толмаған баласы бар екінші топ мүгедегі — Орталық қызметкер қызметке қайта алынды. Өз тарапынан Мелдешов бұдан былай қызметкерлеріне ондай "қысым жасамауға" уәде берді", — деп жазды өзінің парақшасында орталықтың қоғаммен байланыс жөнідегі басқарма басшысы Әйгерім Түгел. 


Жаңалықтар
0