Қоғам

Министр ЭКСПО-ны сынаған Foreign Policy сайтының бұғатталуына қатысты пікір білдірді

Жазылу
Абаев сайтты бәзбіреулердің әдейі бұғаттауы мүмкін екендігін жоққа шығармады, бірақ оған министрліктің қатысы жоқ

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Foreign Policy америкалық басылымында жарық көрген Джеймс Палмердің ЭКСПО көрмесі туралы сыни материалына және кейін сайттың Қазақстанда бұғатталуына қатысты пікір білдірді. 

ЭКСПО көрмесіндегі кезек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Батыстық тілші бос ЭКСПО павильондары мен "айдаладағы Астана" туралы жазыпты

"Біз кез келген сынды сабырлы қабылдаймыз, мұны өте жақсы білесіздер. ЭКСПО туралы мақтау сөздер де, сын да айтылып жатыр", —деді Абаев БАҚ өкілдеріне. 

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент жетекшісі Сергей Куянов британдық Джеймс Палмердің Foreign Policy америкалық басылымында шын мәнінде мақала жазғанын, бірақ оның ЭКСПО кезінде Қазақстанға келмегенін мәлімдеген болатын. Кейін Палмер төлқұжатындағы Қазақстанға келгенін дәлелдейтін мөрді суретке түсіріп, Twitter парақшасында жариялады.

"ЭКСПО баспасөз хатшысы Куяновтың мәлімдемесі туралы айтар болсақ, Сергейді адамгершілік тұрғыдан түсінуге болады. Өйткені журналист Палмердің мәлімдемесі шындыққа сәйкес келмейтінін жақсы білесіздер", — деді министр.

Посетители ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шетелдік журналист ЭКСПО өкілдерінің сөзін теріске шығарды

"Он күннің қорытындысы бойынша алғашқы нәтижелер көрме бойынша жасалған сәтті болжамның орындала бастағанын көрсетіп отыр. Foreign Policy журналисі шындықты айтпай, фактілерді өтірік айта бастағанда, бұл әрине көрмені ұйымдастыруға тікелей араласып жүрген адамның көңіліне тиеді. Сондықтан мүмкін осындай эмоционалды реакция болған шығар",- деді ол. 

Сондай-ақ, Абаев қазақстандықтардың Foreign Policy басылымының сайтына кіре алмауына қатысты да пікір білдірді. 

"Foreign Policy сайтының бұғатталуына қатысты мәселеге келсек, қазір бәрін анықтап жатырмыз. Біреудің жағдайды ушықтыру үшін мұны әдейі істеу мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Біздің тарапымыздан сайтты бұғаттау бойынша ешқандай әрекет болған жоқ",- деп түйді сөзін Абаев. 


Жаңалықтар
0