Қоғам

Қамауға алынған кәсіпкер Тоқмәдидің әйелі күйеуінің атынан халыққа үндеу тастады

Жазылу
Жәмила Айымбетова-Тоқмәди күйеуін кімнің көрсеткенін айтып берді

АСТАНА, 20 маусым — Sputnik. Қамауға алынған бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі, танымал тілші, баспагер және қоғам қайраткері Жәмилә Айымбетова-Тоқмәди Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті күйеуінің ізіне неліктен түскенін айтып берді.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша жаңа деректер белгілі болды

Жәмилә Айымбетова-Тоқмәдидің сөзіне жүгінсек, күйеуін 2017 жылғы 12 маусым күні ҰҚК қызметкерлері, 194-бап 3-бөлік 2-пункті бойынша, бопсалады деген айыппен ұстады.

Әйелдің айтуынша, бұл бап аса ауыр қылмыс санатына жатпаса да, ұстау операциясына ҰҚК, ІІМ, Бас прокуратура, арнайы жасақ күштері жұмылдырылып, еліміздің әр қалаларындағы осы ведомстволарда қызмет ететін жоғары лауазымды тұлғалардан ведомствоаралық жедел топ құрылған. Олардың пәтерінде, үлкен балаларының үйлерінде, Алматы және Астанадағы "ҚазШыныҚұрылыс" зауыттарында бір мезгілде тінту жүргізіліпті.

"Пәтерімізді тінткен кезде, үйде жалғыз болатынмын, қанша жалынсам да, адвокаттар мен туыстарымды жолатпай қойды, тінту жүргізген жедел қызметкерлердің бірі маған моральдық қысым жасап, қоқан-лоққы көрсетті. Заңмен кепілдендірілген, күйеуіме қарсы түсініктеме бермеу құқығымды пайдаланбақ болғанымда, тергеуші Мұратханға көмектескенім үшін қылмыстық жауапкершілікке таратамыз деп қорқытты. Осындай жайттар болмаса, тергеу тобына өзге шағымым жоқ", — деп жазды Айымбетова-Тоқмәди әлеуметтік желіде.

Автор тергеу барысына айтар ешқандай наразылығы жоқ екенін мәлімдеді.

Национальный павильон Казахстана на выставке ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Экономика
ЭКСПО-2017 сферасы мен Мұратхан Тоқмәдидің басқа да жобалары

"Тергеу тобының басшысы тарапынан тек адамгершілік пен бәрін заңға сәйкес орындауға ниетті ғана байқадым", — делінген жарияланған мәтінде.

Бұдан бөлек, Жәмилә Айымбетова-Тоқмәди күйеуін қамауға алу себептері туралы сөз қозғайды. Оның айтуынша, бизнестегі бұрынғы серіктесі бопсалады деп шағымданып, арыз жазған екен.

"Тағылған айып күйеуімнің бұрынғы серіктесі Непропекин Сергей Анатольевичтің арызына негізделеді, олар 2003 жылы бірге "ҚазШыныҚұрылыс" компаниясын құрған болатын. Бірақ бірнеше жылдан соң күйеуім оның үлесін сатып алды, тиісті құжаттар қолымызда бар. Олар серіктестіктері мен қарым-қатынасын жақында ғана тоқтаттты, алайда бұл азамат арызында күйеуімнің оның үлесін бопсалап сатып алғандығын жазыпты… Оның үстіне, ресми түрде мәлімдегім келеді, мен күйеуімді 20 жылдан бері білемін, оның атынан айтар болсам, Мұратхан Тоқмәди 14 жыл бұрын Сергей Непропекиннің үлесін тартып алып, оған күш көрсеткен жоқ", — деп жазады қамауға алынған кәсіпкердің әйелі.

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди и Зере Шәкерхан - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұсталған кәсіпкер Тоқмәдидің қызы: әкем - адал бизнесмен

БАҚ көздерінде тарап кеткен мәліметтер, дәлірек айтқанда Мұратхан Тоқмәдидің қылмыстық топ құруы, саяси мотивтер бойынша сотталған жоғары лауазымды тұлғалармен байланыста болуы туралы қауесет жалған, дейді Жәмилә Айымбетова-Тоқмәди.

Тоқмәдидің Мұхтар Әблязовпен де, Нартай Дүтбаевпен де таныс болмағандығы жеке абзацпен берілген.

"Ол ешқашан тапсырыспен кісі өлтіріп немесе басқа да ауыр қылмыстар жасаған емес. Бұл өтірікті дәйектейтін ешқандай деректер жоқ. Тек бизнеспен ғана айналысып келді. Оны қандай да бір саяси процестерге араластыру орынсыз, ойдан шығарылған. Мұратхан мұндай процестерге қатысқан емес", — дейді әйел.

Қазақстанның арнайы қызметтері дүйсенбі 12 маусым күні "ҚазШыныҚұрылыс" бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиді Алматыдағы арнайы операция барысында ұстаған. Кәсіпкер қылмыстық әрекетерімен 185 миллион 137 мың 246 теңге материалдық шығын келтірді деген күдікке ілінген. Сот бұлтартпау шарасы ретінде Мұратхан Тоқмәдиді екі айға қамауға алуға шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0