Қоғам

Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша жаңа деректер белгілі болды

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот бұлтартпау шарасы ретінде бизнесменді екі айға қамауға алуға шешім қабылдады

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Алматы қаласы Алмалы аудандық соты "ҚазШыныҚұрылыс" ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиге қатысты бұлтартпау шарасы туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди и Зере Шәкерхан - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұсталған кәсіпкер Тоқмәдидің қызы: әкем - адал бизнесмен

Кәсіпкерге келтірілген күдік бойынша, ол 2005 жылы белгісіз тұлғалармен сыбайласып, бас пайдасы үшін, "Семрюжком" және "ҚазШыныҚұрылыс" ЖШС-терінің тең басшысына қоқан-лоққы көрсетіп, бопсалап, кәсіпкерліктердің жарғылық қорының бір бөлігін иемденіп алған.

Тоқмәди өз іс-әрекетімен 185 миллион 137 мың 246 теңге көлемінде ірі материалдық шығын келтірген.

Бизнесмен 12 маусым күні сағат 7.50-де ҚР ҚК 194-бабы 3-бөлігі 2-пунктінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды.

Сот қаулысымен бас прокуратура ведомствоаралық жедел тергеу тобы басшысының өтініші қанағаттандырылды. Сот бұлтарпау шарасы ретінде Мұхтархан Тоқмәдиді 2 айға қамауға алуға шешім қабылдады.

Қазақстанның арнайы қызметтері дүйсенбі 12 маусымда Алматыдағы арнайы операция барысында Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Бірқатар БАҚ мәліметінше, танымал бизнесмен ұзақ уақыттан бері "Депутаттық корпус" қылмыстық тобын басқарып келген.

Жаңалықтар
0