Оқиға

Сегіз жасар қыздың денесі 5 күннен кейін Атырау маңынан табылды

© Sputnik / Юрий Жаров / Медиабанкке өтуөзен
өзен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бес күн бойы іздестірілген қыз қаз тапқан болып шықты

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Өткен аптада жоғалған сегіз жасар қыздың денесі Атырау облысынан табылды, деп жазады "Мой город" басылымы. 

"Ақ жайықтың" ақпаратына сәйкес, 14 маусым күні қала шетіндегі Бесікті ауылында жоғалып кеткен 8 жасар қыздың денесі 19 маусымда сағат 12.45-те Алмалы ауылының маңындағы Жайықтың оң жақ жағалауынан табылды.

Суға шомылу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда бір тәулік ішінде төрт бала суға кетті

Сәбидің денесі іздеу жүргізілген жерден жағалауға ағыс бойымен 3 шақырымға төмен жерге келгені туралы тілшіге таныс құтқарушы әңгімелеген.

— Біз сол жерге барғанда қыздың денесіне жайма жауып тастаған, туыстары оны таныды, — деп хабарлады дереккөз.

Іздестіріліп жатқан қыздың мүрдесінің табылғанын облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Жаңалықтар
0