Өңірлер

Қазақстанда бір тәулік ішінде төрт бала суға кетті

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуСуға шомылу
Суға шомылу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-анасының дұрыс қадағаламауынан екі жас сәби мен екі жасөспірім суға батып кеткен

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Өткен бір тәулік ішінде Қазақстанның үш облысында балалар суға кетті, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында үш жасар сәби суға батып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауылында Достық каналында суға түсуге арналмаған жерде 13 жастағы жасөспірім суға кетті.

2015 жылы туған екі бала Қанайзар өзенінде батып кеткен: бірі — Қайназар ауылында, екіншісі — Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында.

Жамбыл облысы Аса ауылында Аса өзенінің суға шомылуға арналмаған жерінде он төрт жастағы жасөспірім суға кетті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет ескертіп өткендей, суға шомылуға арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түсуге болмайды, суға шомылғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек және балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға болмайды.

Жаңалықтар
0