Өңірлер

Қостанай облысында үш жасар сәби суға батып кетті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жексенбі күні Жамбыл облысында екі бала, Қостанай облысында бір бала суға батып кеткен

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Қостанай облысы Осиновка ауылында кішкентай қыз су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып қаза тапқан.

Ребенок на берегу водоема - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысында бір отбасының үш бірдей баласы суға батып кетті

Қайғылы оқиға жексенбі, 14 мамыр күні сағат 19:19-да болды.

"Осиновка ауылында бақшада өсімдіктерді суғару үшін толтырылған ыдысқа 2014 жылы туған қыз байқаусызда түсіп кетіп, тұншығып қаза тапқан", — деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бұдан бұрын Жамбыл облысында екі баланың көз жұмғаны хабарланған болатын. Үш жасар балалар ойнап жүріп, Көгершін өзеніне құлап, батып кеткен.

Жаңалықтар
0