АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Алматы облысында мереке күндері екі қайғылы оқиға орын алып, бес бала көж жұмды, деп хабарлады Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.
8 мамырда Райымбек ауданында Талас ауылының маңында үйден 300 метрдей жерде ойнап жүрген үш бала суарма арыққа құлап, батып кеткен. Бес, үш және екі жастағы балалар ойнап жүрген кезде әкесі иелігіндегі жерлерін қарауға кеткен, ал шешесі тамақ пісіріп жатқан.
Осы күні Ескелді ауданында Теректі ауылының жанындағы өзенде белгісіз жағдайда 2004 және 2006 жылы туған екі қыз суға кетті. Дүйсенбі таңертең анасы екі қызы және көршінің қызымен саңырауқұлақ жинауға кеткен. Кешке әйел кіші қызымен үйге оралады, ал 11 және 13 жастағы басқа екі қыз таулы жерде қалыпты.
Сол кеткеннен балалар үйге оралған жоқ. Түнге қарай ата-анасы дабыл қағады. Түнде жүрген іздеу жұмыстарының нәтижесі болмады. Тоғызыншы мамыр таңертең құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың күшімен Теректі өзенінен екі қыздың денесі табылды.
"Бұл қайғылы оқиғалар ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болды", — деп атап өтті төтенше жағдайлар департаментіндегілер.