Оқиға

Атырау облысында екі кішкентай апалы-сіңілі суға кетті

© Photo : КЧС МВД Казахстанақұтқару қызметі
құтқару қызметі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаза болған қыздарды құтқарушылар келгенге дейін шығарды, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Атырау облысында екі және төрт жасар екі қыз өзенге суға ағып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қзыметінде.

Қайғылы оқиға бейсенбі күні орын алды. Атамбаев елді мекенінде балалардың суға батып кеткені туралы хабарлама жергілікті уақытпен 12:38-де келіп түсті.

"Олар 2015 және 2013 жылы туған апалы-сіңілі болатын. Балалардың денесін Орал өзенінен құтқарушылар келгенге дейін шығарған", — деді агенттікпен әңгімелесуші телефон арқылы.

Жаңалықтар
0