АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Халықаралық ЭКСПО көрмесі аяқталғаннан кейін Астанада жылжымайтын мүлік нарығында бағаның құлдырауын күтудің қажеті жоқ, деп санайды Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының атқарушы директоры Марат Ыдырышев.
"ЭКСПО-ны өткізу, ең алдымен, адал емес құрылыс салушылар тиімді маркетингтік амал болды. ЭКСПО-дан кейін "Нұрлы жер" бағдарламасы жүзеге асырылатын болады. Әрине баға түзетілетін болады, бірақ ол түбегейлі өзгермейді, ешкім тиынға баспана сатпайды", — деді Ыдрышев.
Оның пікірінше, баспана сатып алуға ниетті адамдардың ЭКСПО-дан кейін үй күрт арзандайды деп үміттенуінің қажеті жоқ.
"ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін өсім болған жоқ, сондықтан тұрақтану мерзімі қажет етілмейді", — деді Ыдрышев.
Елорда өсе береді, сұраныс қаншалықты көп болса, баға соншалықты жоғары болады, деп түйді қауымдастық басшысы.