Қоғам

Қазақстанда пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау қажеттігі анықталды

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Пәтер алу үшін қазақстандықтар 14 жыл бойы ақша жинау керек, делінген Ranking.kz аналитикалық порталының зерттеуінде.

Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тұрғын үй кезегінен кімдер шығарылатыны белгілі болды

"Биылғы жылдың алғашқы төрт айы ішінде жаңадан салынған баспана бағасы 1,1%-ға қымбаттады. Бағаның артуы қарапайым қазақстандықтың баспанаға қол жеткізу үшін қаражат жинау мүмкіндігін шектейді. Қазір бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін тұрақты жұмысы бар қазақстандық 14 жыл бойы жалақысының 30%-н жинап отыруы тиіс", — делінген зерттеу нәтижелерінде.

Биылғы жылы қаңтар-сәуір айлары ішінде жаңа пәтер бағасы орташа есеппен 1,1%-ға қымбаттаған, бұл бір шаршы метр 250,1 мың теңге тұрады деген сөз.

Жаңалықтар
0