Оқиға

Павлодарда көпірден секіріп кеткен қыздың денесі табылды

© PhotoҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзіне-өзі қол салған қыздың денесін бір ай өткен соң ерікті іздеушілер тапты

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Павлодарда көпірден секіріп кеткен 17 жасар бойжеткеннің денесі дүйсенбі күні табылды, деп хабарлады "Клуб добряков Павлодара" еріктілері Instagram желісіндегі "Типичный Павлодар" сайтында.

Әлеуметтік желі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы маңында жас жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

Қайғылы оқиға 13 мамырда болған еді. Павлодар колледждерінің бірінде бірінші курс оқитын Рания Махметова көпірге шығып, күртесін шешті де, төменге секіріп кетті. Көпірде жүрген жұмысшы қызды ұстап қалғысы келгенімен, үлгермеген. Қыздың өз-өзіне қол салуына куәгер болған адам бірден құтқарушыларды шақырыпты.

Оқиға орнына моторлы қайықпен кезекші құтқарушылар жіберілді, іздеу шаралары ұйымдастырылып, сүңгуірлер су түбін шарлады. Алайда бойжеткеннің денесі табылмады.

Кейінірек құтқарушыларға еріктілер қосылып, Ертіс өзенінің жағасын күнде тексеріп, қайыққа мініп өзеннен іздеп жүрген. Мәйітті табуға бір айдан аса уақыт кетті.

Суицид - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада Грузия азаматын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу ісі тергелуде

Құтқарушылар бірнеше күн бұрын іздеуді тоқтатқанымен, еріктілер жұмысын жалғастыра беріпті. Ақыры соңында қыздың денесі табылды.

Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, қыздың денесі Жаңаауыл ауылы маңындағы көпір жанынан табылған. Ата-анасы қызын киіміне қарап таныды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Айта кетейік, полицейлер қайғылы оқиғадан соң бірден ҚР ҚК 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сот алды тергеу ісін қозғаған. Бойжеткен толыққанды отбасыдан шыққан, ата-анасы тағы екі қыз тәрбиелеп отыр.

Жаңалықтар
0