Қоғам

Астанада Грузия азаматын өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу ісі тергелуде

CC0 / MabelAmber / Суицид
Суицид - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арчил Давитадзе қала сыртындағы саяжай аумағынан асылып қалған күйінде табылды

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Полиция қызметкерлері Грузия азаматы Арчил Давитадзенің өлімі дерегі бойынша "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабына сәйкес тергеу ісін бастады, деп хабарлады елордалық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

жалғыз адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Грузия азаматы Астанада із-түзсіз жоғалып кетті

"1992 жылы туған Грузия азаматының денесі Қорғалжын жолы бойындағы саяжай ауданынан зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылды. ҚР ҚК 105-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған", — деп хабарлады ІІД.

Полиция түсіндіріп өткендей, Арчил Давитадзе асылып қалған күйінде табылыпты.

ҚР-дағы Грузия елшілігі бұл оқиға туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне пікір білдіруден бас тартты.

Айта кетелік, Астанада әйелі мен баласымен тұрып жатқан Грузия азаматы Арчил Давитадзе 18 мамырда із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жаңалықтар
0