Оқиға

Грузия азаматы Астанада із-түзсіз жоғалып кетті

CC0 / Skitterphoto / жалғыз адам
жалғыз адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір тәулік бұрын үйден шығып кеткен ер адам оралмаған

АСТАНА, 20 мамыр  Sputnik. Астанада әйелі мен баласымен тұрып жатқан Грузия азаматы Арчил Давитадзе 18 мамырда із-түзсіз жоғалып кеткен. 

Оны соңғы рет Иманов-Уәлиханов көшелері ауданында шамамен сағат 15.00 кезінде көрген. Әйелі Марина Пашковскаяның айтуынша, Арчил Арчил Давитадзе үйден ешқашан көпке кетпеген және үнемі байланыста болған. Ішімдік ішіп, құмар ойындарына әуестенбеген. 

18 мамыр ол әдеттегідей жұмысқа кеткен, бірақ содан үйге оралмапты. Соңғы рет ер адамды сол күні Иманов-Уәлиханов көшелері ауданында шамамен сағат 15.00 кезінде көрген. Қоңырауға жауап бермеген, қазіргі уақытта телефоны сөндірулі. 

Жоғалып кеткен ер адамның отбасы қазіргі уақытта бүкіл мәйітханалар, ауруханалар мен айықтырғыштарды тексеріп шыққан, бірақ ешқандай хабар жоқ. 

Сондай-ақ, олар Арчил Давитадзенің жоғалғаны туралы полицияға өтініш берген. Отбасы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына телефондарға хабарласуды сұрайды: 8-701-518-28-46, 8-701-250-24-02 немесе 8-705-141-06-77.

Жаңалықтар
0