Қоғам

Қарағандыда Юрий Пак түрмеден босап шықты

© SputnikЮрий Пак
Юрий Пак - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі жылға сотталған Юрий Пак өтелмеген жаза мерзімі үшін айыппұл төлейді

АСТАНА, 17 маусым — Sputnik. Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы колонияда жазасын өтеп жүрген бұрынғы физика мұғалімі Юрий Пак түрмеден босап шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.

Пакті түрмеден туған-туыстары мен жақындары қарсы алды.

© SputnikЮрий Пак туған-туыстарымен бірге
Юрий Пак туған-туыстарымен бірге - Sputnik Қазақстан
Юрий Пак туған-туыстарымен бірге

Ольга Пак - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ольга Пак күйеуінің соты туралы естеліктер жариялай бастады
Қарағанды мектептерінің бірінде физика пәнінен сабақ беретін Юрий Пак былтыр қазанда жалған терроризм үшін екі жылға сотталып, жаза мерзімін Қарағанды облысы Қарабас ауылындағы жалпы тәртіпті колонияда өтеп жатқан еді. 

Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша апелляциялық коллегиясы бірінші инстанция сотының үкімін өзгертпеуге шешім қабылдаған. 10 наурызда Юрий Пактің жазасы рақымшылық бойынша төрттен бірге қысқартылды.

1 маусымда сот Юрий Пактің адвокаты Сергей Кимнің өтелмеген жаза мерзімі үшін айыппұл төлеу туралы өтінішін қанағаттандырды. Соттың шешімі 17 маусым күні күшіне енді.

Жаңалықтар
0