Өңірлер

Павлодар облысында ер адам полицейді тістеп тастаған

© SputnikПавлодар облысында ер адам полицейді тістеп тастаған
Павлодар облысында ер адам полицейді тістеп тастаған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейді тістеген ер адамның бостандығы екі жылға шектелді

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Ертіс ауданында полиция қызметкерін тістеп алған жергілікті тұрғынға қатысты екі жылға бас бостандығын шектеу үкімі шықты, деп хабарлайды Ертіс аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Twitter - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Әлеуметтік желіде полицейлерді балағаттаған Павлодар тұрғыны ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, сотталушы ішіп алып, аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшілік бөліміне жалған қоңырау шалып, өзін басқа адам ретінде таныстырған. Полиция келген кезде өзі жақтырмайтын қызметкерге тап беріп, жағаласып жатқан уақытта оның арқасын бірнеше жерден тістеп тастап, сосын қашып кетеді. 

Сот-медицина сараптамасының қорытындысы бойынша полицей жеңіл жарақат алған. 

Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындады. 

"Оның өз кінәсін толық мойындағаны, зардап шегушінің оны соттамауды сұрауы, үш кішкентай баласының бары, сондай-ақ қылмыстың ауыр еместігі ескеріліп, ауыл тұрғынына екі жылға бас бостандығын шектеу үкімі кесілді", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 


Жаңалықтар
0