Оқиға

Әлеуметтік желіде полицейлерді балағаттаған Павлодар тұрғыны ұсталды

Жазылу
Павлодарда әлеуметтік желі арқылы полицейлерді боқтаған қала тұрғыны ұсталды

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Полиция қызметкерлері "ВКонтакте" әлеуметтік желісі арқылы полицейлерді балағаттаған облыс орталығының 26 жасар тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Полицейлердің хабарлауынша, әрекеттерінің заңсыз екенін біле тұра, полиция қызметкерлерінің абыройы мен намысын таптап, балағат сөздермен әлеуметтік желі арқылы билік өкілдеріне тіл тигізген. Ұсталған қыз кінәсін мойындаған. 

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 378-бабының 2-бөлімі (билік өкіліне тіл тигізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды". Ол бап бойынша 300 АЕК дейін айыппұл салу, болмаса сол көлемдегі түзету жұмыстары, немесе  240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту, я болмаса 75 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған", — деп хабарлады ведомствода. 


Жаңалықтар
0