Өңірлер

Ақмола облысында екі жасөспірім суға кетті

CC0 / / Балалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәмелеттік жасқа толмаған балалар тиісті емес жерде суға шомылған

АСТАНА, 16 маусым — Sputnik. 13 жастағы екі бала Ақмола облысындағы өзенде суға батып кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.

ОҚО құтқарушылар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-да шопан екі ай бұрын суға кеткен ер адамның денесін тапты

Қайғылы оқиға Астрахан ауданы Новочеркасск ауылында болған.

"Сағат 16.00-де Есіл өзенінде тиісті емес жерде шомылған 7 сыныптың екі оқушысы суға кетті. Еріктілер 16.30-да 2004 жылы туған жасөспірімнің денесін алып шықты. 18.45-те жергілікті атқарушы орган күштері 2004 жылы туған екінші баланың денесін өзен түбінен тапты. Суға кеткен үшінші 13 жасар баланы куәгерлер құтқарып қалған", — деп хабарлайды ТЖД.

Жаңалықтар
0