Оқиға

ОҚО-да шопан екі ай бұрын суға кеткен ер адамның денесін тапты

© ДЧС ЮКООҚО құтқарушылар
ОҚО құтқарушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Сүңгірлер 7-12 метр тереңдікте ештеңе көрінбейтін жағдайда іздеу жүргізген

АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Екі айға созылған сүңгір-іздеу жұмыстардан кейін Арыс өзенінде 25 жастағы ер адамның денесін шопан тапты, деп жазады Otyrar.kz. басылымы. 

10 сәуір күні кешке 112 пультіне Отырар ауданда Арыс өзеніне 1992 жылы туған ер адам батып кетті деген хабарлама түсті. 

11 сәуір күні таңертең бес құтқарушы оқиға орнына жетті. Іздестіру 7-12 метр тереңдікте ештеңе көрінбейтін жағдайда жүргізілді. Сүңгірлер мотор қайығымен өзеннің он шақырымға жуық аумағын шолып шықты. Талаптарға сәйкес, іздестіру жұмыстары он күн жүргізіліп, нәтиже бермеген соң тоқтатылған. 

Суға кеткен ер адамның туыстарының қайта-қайта жасаған өтініштері бойынша сүңгір-құтқару жұмыстары екі рет қайта жүргізілген: 22 сәуірден 15 мамырға дейін және маусымның 5-6-ларында. 

Жалпы алғанда суда болу уақыты төрт сағаттан асқан. Оның барысында өзен түбінің 100 шаршы метрден астам аумағы зерттелді. 

6 маусым күні таңертең жергілікті шопан құтқарушыларға ер адамның денесін Арыс өзенінде  оқиға орнынан 35 шақырым жерде көргенін хабарлады, Хабарлама түскеннен кейін он минут өткен соң ер адамның денесі табылып, сыртқа шығарылды. 


Жаңалықтар
0