Өңірлер

Ауыл шаруашылығы министрлігі "браконьерлер шабуылына" қатысты пікір білдірді

Жазылу
Министрлік өкілдері көліктің өртену себебі туралы мәлімет берді

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Қорықтағы инспекторлар көлігіне ешкім оқ жаудырмаған, көлік өздігінен өртеніп кеткен, деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін орындаушы Марлен Айнабеков Астанадағы баспасөз мәсихатында.

қару - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Браконьерлер шабуыл жасады деген инспекторлардың өтірігі шықты

"Көлікке ешкім оқ жаудырған жоқ. Қарағанды облысында көлік өздігінен жанып кеткен. Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті тергеу жүргізіп, қорықшылар көліктің өздігінен жанып кеткенін мойындаған. Мұндай оқыс оқиғалар болып жатады, жапан далада келе жатқанда, газ шығарғыш түтікке қураған ағаш толып, тұтанып кетуі мүмкін. Оның үстіне, көлікте бір канистр бензин болыпты. Ешқандай қылмыс болған жоқ, ІІД ресми жауабын берді", — деді Айнабеков БАҚ сұрақтарына жауап беріп.

Бұдан бұрын "Ақ бөкен" қорығының қамқоршылық кеңесінің мүшесі әрі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай өз парақшасында видео жариялап, "Ақ бөкен" қорығы аумағында барконьерлердің инспектор көлігіне оқ жаудырғанын жазған болатын. Адамдар зардап шекпегенімен, көлік түгі қалмай өртеніп кеткен.

Алайда Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров шабуыл туралы ақпаратты теріске шығарған болатын.

Жаңалықтар
0