Оқиға

Браконьерлер шабуыл жасады деген инспекторлардың өтірігі шықты

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуқару
қару - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ақбөкен" қорығы аумағында инспекторлық көлікке оқ жаудырып, өртеу дерегі расталған жоқ

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. "Ақбөкен" қорығындағы табиғатты қорғау күзетшілерінің көлігіне шабуыл жасау туралы ақпарат расталған жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров. 

Полиция Қарағанды облысында инспекторлық көлікке оқ жаудыру және өртеу туралы ақпаратты жоққа шығарады. 

Браконьерлер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағандылық қорықтағы оқиғаға браконьерлердің қатысы болмауы мүмкін

"Ұлытау ауданы ІІБ қызметкерлері өртенген көлікте болған бес инспекторды анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Тергеу барысында, жүргізуші мен жолаушылардың берген жауабы бойынша, 6 маусым күні сағат 18:00-де олар қозғалып келе жатқан көліктің шаңын байқайды. Содан кейін өздері браконьерлер деп топшылап, көліктің ізіне түспек болған. Алайда артынан қуып жете алмаған, өйткені "Ақбөкен" ҚТҚ көлігінің қозғалтқышында құрғақ шөптен түтін шығып, салдарынан көлік өртенді. Ол туралы басшылыққа баяндалады. Бұл ретте көлікке ешқандай оқ жаудыру мен өртеу болмаған", — деді Құдияров. 

Полиция шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқан адамдарды жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр. 

Айта кетейік, 8 маусым таңертең Қарағанды облысындағы "Ақ бөкен" табиғи қорымының аумағында инспекторлардың көлігіне браконьерлер оқ атты деп хабарланған еді. Кейін оқиға орнына Қарағанды облысы Ұлытау ауданының жедел тобы аттанған. Зардап шеккен адамдар жоқ. 


Жаңалықтар
0