Қоғам

Бір жыл сұхбат бермейтін болдым - Баян Мақсатқызы

© Sputnik / Болат ШайхиновБаян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баян Мақсатқызы "Баян" атты автобиографиялық кітап жазып, естеліктерімен бөлісті

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы мәлімдегендей, "Баян" автобиографиялық кітабы шыққаннан соң бір жыл бойы сұхбат бермейтін болды.

"Бұл менің үлкен жауабым. Кітап сатылымға шыққан соң, бір жыл бойы сұхбат бермейтін шығармын", — деп жазды ол Instagram парақшасында жариялаған видеоның астына.

Девушка держит в руках телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Желіде Баян Мақсатқызының қалыңдық көйлегін киген тағы бір фотосы жарияланды

"Менен аздап шаршағандар бар болса, демалысын", — дейді қазақстандық продюсер.

Бірнеше күн бұрын Баян Мақсатқызының той көйлегін киген суреті журнал мұқабасына шыққан болатын. Көпшіліктің көңілінен шыққан алғашқы сурет маусымның басында жарық көрді. Суретте Баян Мақсатқызы күйеу жігіті Тұрсынғали Алакөзовпен — екеуіде некелесуге арналған киім киген.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызы бірнеше ай бұрын күйеуі соққыға жыққаннан кейін ажырасқан болатын. Бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев оған пышақ салғаны үшін былтыр күзде тоғыз жылға сотталып кетті. Жыл басында продюсер хабарлағандай, ол Тұрсынғали Алакөзовтың үйлену туралы ұсынысын қабылдаған.

Жаңалықтар
0