Қоғам

Желіде Баян Мақсатқызының қалыңдық көйлегін киген тағы бір фотосы жарияланды

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуДевушка держит в руках телефон
Девушка держит в руках телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Той көйлегін киген белгілі продюсер қазақстандық журналдың мұқабасында пайда болды

АСТАНА, 6 июн – Sputnik. Қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы той көйлегін киіп түскен фотолары желіде жұрттың қызығушылығын тудыруда. 

Бұл жолы Баян Мақсатқызы үйлену тойлары туралы жазатын Wedding four seasons журналының мұқабасында пайда болды. 

"Wedding four seasons той журналының алғашқы саны! Екінші мұқаба. Үш күннен кейін барлық той индустриясының орталықтарында ", — осындай жазбамен фото Instagram-да жарияланды.

Осыдан бірнеше күн бұрын танымал продюсер Баян Есентаеваның қалыңдық көйлегін киіп, сүйіктісі Тұрсынғали Алакөзовпен түскен суреті жарияланған еді. 
Айта кетейік, Баян Мақсатқызы бірнеше ай бұрын күйеуі соққыға жыққаннан кейін ажырасқан болатын. Бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев оған пышақ салғаны үшін былтыр күзде тоғыз жылға сотталып кетті. Жыл басында продюсер хабарлағандай, ол Тұрсынғали Алакөзовтың үйлену туралы ұсынысын қабылдған.



Жаңалықтар
0