Оқиға

Байқоңырдан ұшырылған зымыранның бөлшегі Жезқазған түбіне құлап, өрт шықты

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуЗымыран ұшыру
Зымыран ұшыру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт салдарынан бір адам қаза тапқан, тағы бірі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Жезқазған түбінде қураған шөп тұтанып, өрт шықты: оған "Байқоңырдан" ұшырылған "Союз-2.1а" зымыранының бөлшегінің құлауы себеп болған.

Байқоңыр - Sputnik Қазақстан
Астана мен Мәскеу "Байқоңыр" бойынша ынтымақтастықты кеңейтпек

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті хабарлағандай, қураған шөптің тұтануы туралы хабар Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне 14 маусым күні сағат 18.04-те түскен. Өрт Талап ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде шыққан.

Өрт 14 маусым күні күндіз "Прогресс МС-06" көліктік жүк кемесімен бірге "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз-2.1а" зымыранынан бөлінетін бөлшектердің құлауынан туындаған.

Кейінірек Талап ауылы тұрғыны хабарлағандай, Жезқазған-Қызылорда тас жолы аумағында, Жезқазғаннан 40 шақырым қашықтықта дала өртенген. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің кезекші күштері мен құралдары жіберілді.

Талап ауылынан 16 шақырымдай жерде, тас жолдың оңтүстік бағытына қарай өрт шығып, он бес шақырымға дейін созылған, жол бойын қалың түтін басқан. Өртену аумағы әлі анықталған жоқ.

"Өрт салдарынан 1964 жылы туған ер адам қаза тапты, 1968 жылы туған азамат ауруханаға жатқызылды, олар зымыраннан бөлінетін бөлшектерді жинап жүрген жұмысшылар. Өртті сөндіруге 61 адам мен 22 техника жұмылдырылды", — деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.

Өрт 03.31-де сөндірілген. Ведомство мессенджерлерде таратылған улы бөлшектер туралы ақпаратты жоққа шығарды, зымыранның құлаған бөліктерінің құрамында гептил жоқ екен.

Жаңалықтар
0