Оқиға

ОҚО-да жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 15 адам зардап шекті

© Sputnikжол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апат кезінде автобуста 18 адам болған, олардың 15-сі зардап шегіп, біреуі қаза тапты

АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Оңтүстік Қазақстанда жолаушыға лық толы автобус апатқа ұшырап, 18 адам зардап шекті. Тағы біреуі ауруханада  жан тапсырды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

автокөлік - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанның оңтүстігіндегі жол апатынан бір ересек адам мен екі бала қаза болды

Ақпаратқа сәйкес, Шымкенттен Сайрамға жолаушылар тасымалдайтын автобус жылдамдықты асырған болуы керек, алдында келе жатқан көлік бұрыла бергенде соқтығыпты. Сол серпінмен шайқалған күйі жолдан шығып кетіп, жиекте тұрған бетон плиталарды соққан. 

"Жеңіл көлік ішіндегі жүргізушіге ештеңе болмағанымен, автобус ішіндегі 18 адамның барлығы ауруханаға түсті. Өкпе-бауыры жыртылған 58 жастағы бір азамат ота кезінде көз жұмса, басы жарылып, сүйектері сынған тағы 7 адам ауруханада жатыр", — делінген хабарламада.


Жаңалықтар
0