АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаев дарынды оқушылармен кездесу барысында ағылшын тілін еркін меңгергенін көрсетті, деп хабарлайды жергілікті Zhambylnews порталы.
Облыстық әкімдікте 2016-2017 оқу жылында білім мен шығармашылық бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізген 85 оқушымен кездесу өткізілді. Олардың арасында әкіммен ағылшынша сөйлескен оқушылар да болды.
Мәселен, Крупская атындағы №3 мектеп оқушысы Алмаз Қайсар болашақта шетелде оқығысы келетінін айтты.
"Thank you, but don't forget about ancient Taraz (Рахмет, бірақ көне Таразды ұмытып кетпе)", — деді оған Көкірекбаев.
Сонымен бірге, балалар әкіммен кездесуде болашақ мамандықтары туралы ойларын ортаға салды. "Дарын" меткеп интернатының оқушысы Ерболат Жұмабек қай мамандықты таңдарын білмей дал болыпты: не заңгер, не археолог болғысы келеді екен.
"Археолог мамандығын игеруге кеңес берер едім. Қазақстанда бұл мамандықтың болашағы зор", — деп пікір білдірді Көкірекбаев.