АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Алматы мемлекеттік кірістер органдары хабарлағандай, Мақсат Үсенов салық берешегін төледі.
"8 маусымда азамат Мақсат Үсенов 2016 жылы көлік салығын төлемегендігінен туындаған 174 мың 24 теңге көлеміндегі салық берешегін төледі, оның ішінде салық — 138 мың 362 теңге, өсімақы — 35 мың 878 теңге", — деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаменті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, мойнында 160 мыңнан астам салық берешегі бар Мақсат Үсенов "Эйр Астана" ұшағының бортында болған еді. Сол кезде атышулы қазақстандық дөрекілік танытып, Бангкок әуежайында таиландтық полицияға ұсталған.
Кейінірек СІМ хабарлағандай, Үсенов Бангкок арқылы Вьетнамға ұшып бара жатыпты, оны жауапкершілікке тартпастан босатқан. Сөйтіп, ол сапарын жалғастырған еді, алайда шын мәнісінде сонша қарызы бар азамат Қазақстан шекарасынан шығарылмауы тиіс болатын.