АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. Түркияның Анталья қаласында автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан Қазақстан азаматы зардап шекті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Бұған дейін ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары Ресей, Қазақстан және Украина азаматтары мінген автобустың жол апатына ұшырағанын хабарлаған болатын. Туристер жұма күні таңертең Аланиядан Демреге экскурсияға бара жатқан. Тұрақтағы автобусқа жүк көлігі соғылған.
"Туристердің арасында Қазақстан азаматы бар. Отыз жастағы әйелмен Антальядағы біздің дипломааттар байланысқа шыты. Ол аяғын жарақаттап алған, оған медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызу қажет болмаған", — деді Жайнақов.
Оның айтуынша, жол апаты салдарынан туристер жеңіл жарақат алған. Қазіргі уақытта қазақстандық әйел қонақ үйде, ол демалысын жалғастырмақ.