Өңірлер

Жауыздықпен кісі өлтірген екі жас жігіт ұзақ мерзімге сотталды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСоттау
Соттау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лисаковскінің екі тұрғыны жауыздықпен кісі өлтіргені үшін 18 және 19 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Қостанай облысы Лисаковск қаласының екі тұрғыны жауыздықпен кісі өлтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі жұма күні.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында ер адам туған бауырын өлтірген

Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты жұма күні 22 жастағы Геннадий Кудинов пен 25 жастағы Александр Саринге қатысты ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3, 5, 7, 9-бөліктері бойынша үкім шығарды.

2017 жылы 15 қаңтарда 23 жастағы жәбірленуші ауылдан Лисаковск қаласына келіп, танысы Кудиновтің пәтеріне орналасады. Бұл пәтерде арақ-шарап ішіліп, кейін оларға Сарин қосылады.

Бір тәуліктен аса арақ-шарап ішкен жігіттер ақыры ренжісіп тынады, себебі ауылдан келген қонақ ас үй үстеліне отырып алған екен. Кудинов оның бетінен бірнеше рет салып жібереді. Кейін Сарин екеуі бірігіп, жәбірленушіні қинап, азапқа салады: қатты соққыға жыққан — жұдырықпен ұрып, аяқпен тепкілеген. Содан соң Кудинов 24 келі гірді өзінің бойындай биіктіктен қонақтың үстіне тастаған. Осылайша бірнеше мәрте жалғасады.

Кейін Кудинов пен Сарин жәбірленушіні екі жақтап пышақтай бастайды. Ұзаққа созылған азаптаудан кейін жәбірленуші қылмыс орнында көз жұмған.

"Сот үкімімен Кудинов 18 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Сарин — 19 жылға", — деп хабарлады сот.

Сот Кудиновтың мәжбүрлі түрде психиаторлық ем қабылдауына үкім шығарып, Сариннің мүлкін тәркіледі. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жаңалықтар
0