АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Ақмола облысында туған бауырын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Бұланды аудандық ішкі істер бөліміне 31 мамыр күні 54 жастағы Ресей азаматшасы хабарласып, 35 жастағы немере інісінің 25 мамырдан бері жоғалып кеткенін хабарлаған.
"Үйді тексеру барысында полицейлер жерқоймадан жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты", — деп хабарлады полиция.
ІІД түсіндіріп өткендей, бұлтарпайтын дәлелдерге байланысты 36 жастағы ер адам ішімдікке мас болып, туған інісін өлтіргенін мойындапты. Күдікті ішімдікке салынғаны үшін дәрігердің есебінде болған, оған ақыл-есі дұрыс емес деген диагноз қойылыпты. Қазір ол қамауда отыр. Сот алды тергеулер жүргізілуде.