Өңірлер

Туған қызын зорлаған Қостанай тұрғыны 20 жылға сотталуы мүмкін

© Photo : JeevanҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өз қызын зорлаған азғынның ісі сотқа жіберілді

АСТАНА, 23 мамыр — Sputnik. Өз қызын зорлаған Қостанай тұрғыны 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда мұғалім оқушы қызды азғындағаны үшін сотталды

16 жасар туған қызын екі жыл бойы зорлағаны үшін 38 жастағы ер адамға қатысты сот алды тергеу ісі 2017 жылы 18 наурызда басталған. Күдікті қамауға алынған болатын.

Тергеу нәтижелері бойынша, 18 мамыр күні облыстық прокуратура қылмыстық істі Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберді.

"Аталған қылмысты жасағаны үшін, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің бабына сәйкес, айыпты тұлға он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылып, белгілі бір лауазымды иеленуіне немесе белгілі бір қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салынуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін", — делінген Қостанай облысы прокуратурасының бапсасөз қызметі хабарламасында.

Жаңалықтар
0