Өңірлер

Қостанайда мұғалім оқушы қызды азғындағаны үшін сотталды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қыздың дәрменсіздігін пайдаланған

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Қостанайда мектеп оқушысын азғындаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда оқушы қызды азғындаған мектеп автобусының жүргізушісі сотталды

Қостанайдағы мектептердің бірінің 52 жастағы мұғаліміне қатысты іс ҚР ҚК 124-бабы 2-бөлігі бойынша қаралған.

Былтыр желтоқсан айында ер адам дене шынықтыру сабағында ешқандай зорлық қылмастан, 2004 жылы туған қызды азғындайды. Қылмыс спортзалдың инвентарлық бөлмесінде болған. Мұғалім сол жерді тазалауға оқушы қызды жіберген екен. Ол қыздың ештеңе түсінбейтін бейкүнәлығын пайдаланып, сексуалды сипаттағы іс-әркеттер жасаған.

Құқықбұзушылық әрекеттердің салдарынан қыз баланың психикалық дамуына зиян келді. Сот қылмыскерді сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Ер адамның педагогтік қызметке орналасуына, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жаңалықтар
0