АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының даму банкін құру туралы ұсыныс айтты.
"ШЫҰ-ның даму банкін құратын кез келді. Біз Қырғызстанның ШЫҰ-н құрушылардың бірі болғанын естеріңізге сала кеткіміз келеді. Содан бері банктің құрылып, Бішкекте орналасқанын қолдап келеміз", — деп мәлімдеді Атамбаев Астанадағы ШЫҰ саммитінде.
Қырғызстан мемлекет басшысы Қазақстанды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуымен құттықтады.