АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Алматы қаласы мен Алматы облысында жеке үйлерді тонаған қарулы қарақшылар тобы ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
Ведомство мәліметінше, ішкі істер министрлігі қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында қарулы қарақшылық шабуылдар жасаған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.
"Олар жеке үйлерге оқ ататын қарумен басып кіріп, ақшалай қаражат пен асыл бұйымдарды ұрлаған. Күдіктілер бірнеше қарақшылық шабуыл туралы түсініктеме беруде", — деп атап өтті Сәдубаев.
Қазіргі уақытта ұсталғандардан оқ ататын қарулары мен суық қарулары тартып алынды, сонымен бірге басқа да заттай айғақтар бар. Аталған деректер ҚР ҚК 192-бабы бойынша тіркелген.
© Photo : страница Алмаса Садубаева в соцсетиҰҚТ ұстау сәті
ҰҚТ ұстау сәті
© Photo : страница Алмаса Садубаева в соцсетиҰҚТ ұстау сәті
ҰҚТ ұстау сәті
ҰҚТ ұстау сәті
ҰҚТ ұстау сәті