Оқиға

Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі ұзартылды

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN қамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімін ұзартты

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамау мерзімі кезекті рет бір айға, 2017 жылғы 10 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Адвокат: Бишімбаев айыпты мойындамайды

Алматы ауданының №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі шешімнің мерзімін 10 шілдеге дейін ұзартты. Бұдан бұрын сот Бишімбаевты қамау мерзімін бірнеше рет ұзартылған болатын. 

Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаев 12 қаңтардан бастап қамауға алынды. Экс-министрге бірнеше мәрте ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Тергеу тұжырымы бойынша, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингтің төрағасы болған кезде Қуандық Бишімбаев 1 миллиард теңгені жымқырудың қылмыстық жолын ұйымдастырған. 


Жаңалықтар
0