Экономика

Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,5%-ға дейін төмендетті

© AP Photo / Rick BowmerМонеталар
Монеталар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев қаржы реттеушісінің базалық пайыздық мөлшерлемені төмендету туралы шешіміне қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. 2017 жылғы 5 маусым Базалық мөлшерлеме Қазақстанда 10,5% деңгейіне дейін төмендетілді Бүгін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені симметриялы +/-1% пайыздық мөлшерлеме дәлізімен 11%-дан 10,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ақышев: банктер біртіндеп депозиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендетеді

Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлеме 11,5%-ға дейін, ал өтімділікті алу операциялары бойынша 9,5%-ға дейін төмендетілді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында телевизиялық БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Ол 2017 жылғы 10 сәуірде Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін белгілегенін еске салды.

"Мөлшерлеме төмендетілуі мүмкін болатын жағдайлар расталды. Сонымен қатар ішкі экономика күткендегіден жылдам қарқынмен қайта қалпына келуде, – деді Ақышев. – Мөлшерлемені төмендету туралы шешім экономика үшін ішкі нарықтың ақша-кредит саясатына жауап қатуымен де, ең маңыздысы мұнай бағасы мен Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің айырбастау бағамы саясаты болып табылатын сыртқы күйзелістермен де байланысты тәуекелдердің оңтайлы теңгерімін көрсетеді». Оның айтуынша, "жағымсыз күйзелістер болмаған жағдайда экономиканың дамуының базалық сценарийінің іске асырылуы алдағы 12 айда базалық мөлшерлеменің төмендеу үрдісінің жалғасуына жағдай жасайды".

"Мөлшерлеменің одан әрі өзгеру жиілігі, жылдамдығы және көлемі инфляцияның нақты серпінінің нысаналы және болжамды көрсеткіштерге сәйкес келуі сияқты көрсеткіштермен, сондай-ақ депозит және кредит нарығының және тұтастай алғанда қаржы нарығының индикаторларымен айқындалатын болады. Нақты көрсеткіш бойынша базалық мөлшерлеме, яғни инфляцияның таргеттелетін деңгейін шегергендегі номиналдық мөлшерлеме Ұлттық Банк үшін маңызды бағдар болады. Оны 4%-дан асырмай, яғни экономиканың ұзақ мерзімді әлеуетті өсу қарқынымен сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру жоспарланып отыр", – деді Ақышев.

Оның айтуынша, базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 17 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 17.00-де жарияланатын болады. 


Жаңалықтар
0