Экономика

Ақышев: банктер біртіндеп депозиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендетеді

© Photo : Служба центральных коммуникацийДанияр Ақышев
Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚҰ Ұлттық банкі басшысының пікірінше, тым үлкен депозиттік мөлшерлемелер тартылған ақшаның несиелік нарыққа орналастыруын қиындатады.

АСТАНА, 7 жел — Sputnik. Қазақстандық банктер нарықтық жағдайларға сәйкес, өздері біріндеп тартылған депозиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендететін болады, ал сыйақыны нарықтықтан жоғары деңгейде төлеу бұл ақшаны несие түрінде орналастыруда проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін, деп санайды Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. 

Жалғыз акционері Ұлттық банк болып табылатын қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры теңгелей депозиттер бойынша ең жоғары ұсынылған мөлшерлемені жылына 14%-дық деңгейде белгіледі.

"Кепілдендіру қоры ұсынып отырған мөлшерлеме ең жоғары болып табылады. Сәйкесінше әр  банк халықтан ресурстар тарту  саясатын бәсекелестік және өз тәуекелдіктерін бағалау шарттарында өз бетінше жасайды", — деді ведомство басшысы. 

Ақышевтың сөзіне қарағанда, қор тек "жоғары шекті" белгіледі, сондықтан банктер мөлшерлемені төмендету бойынша өз мүмкіндіктерінде шектелмеген.

"Шын мәнінде, қазір ақша нарығында болып жатқан тенденция ескеріп, біз 11-12% жылдық мөлшерлемелерге жақын қалыптасып жатқанын көріп отырмыз", — деп атап өтті ол. 


Жаңалықтар
0