Қоғам

Қазақстандықтар өз зейнетақысын алдын ала есептей алатын болады

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтузейнеткер
зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы төлемдер туралы ақпаратты зейнетке шығардан үш ай бұрын алуға болады

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Астана қаласы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің бэк-офистері ашылды, онда азаматтар өздерінің зейнетақы төлемдерін алдын ала есептей алатын болады, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі. Бэк-офистерге жүгінулерден бөлек қажетті құжаттарды zeinetker@goscorp.kz   электрондық поштасына жолдаулға болады.

Қазақстанда 1 шілдеден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қанша өседі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша өседі

Зейнетақыны алдын ала есептеу және кеңес алу үшін еңбек кітапшасын, білімі туралы дипломын, әскери билетін, неке туралы куәлікті ұсыну қажет. Сондай-ақ әйел адамдар үшін балаларының туу туралы куәліктері мен жеке куәліктері керек болады. Жұмыс өтілін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұрағат анықтамасын, сот шешімін, оңалту туралы анықтаманы ұсынуға болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, осы пилоттық жобаны тестіден өткізу – мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге алғашқы қадам. 

Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дүйсенова: Зейнет жасын көтерудің алғашқы кезеңіне іліккен әйелдер ұтады

"Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу үшін бізге келулерін күтіп отырмай, оларды алуға өзіміз бастамашылық жасағымыз келетінін бірнеше рет айтқанбыз. Әзірше бұл – біз бастамашылық жасаған  бірінші пилоттық жоба. Сондай-ақ біз клинеттерге олар зейнетақы төлемдерін үйден шықпай-ақ алдын ала есептей алатындарын естеріне саламыз. Болашақта осындай көптеген пилоттар қызметтерді белсенді көрсетуге бағытталатын болады деп ойлаймын", – деді Оспанов.

Оспанов пилоттық жобаның әзірше тек Астанада тестіден өтетінін, ал азаматтар тарапынан оң пікірлер болған жағдайда, ол Қазақстанның басқа да қалаларына таратылатынын айтып өтті. Айтпақшы, зейнетақының алдын ала мөлшері көрсетілетін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері өтініш электрондық поштаға түскеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Егер азамат корпорацияның бэк-офисіне жүгінген болса, онда ол мұны сол күні-ақ біле алады.

Зейнетке шығуына дейін көп дегенде 3 ай қалған азаматтар ғана алдын ала есептеу үшін өтініш білдіруге келе алатынын атап айтамыз.


Жаңалықтар
0