АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Астанада сенбі 3 маусым күні Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңке "Қазақстан" спорт сарайының көлік тұрағы аумағында өтеді. 24 сауда шатырында 500 тонна өнім ұсынылмақ, олар жылқы еті, күріш, көкөністер, картоп, сүт өнімдері, кондитерлік тағамдар, балық, шұжықтар және тағы басқалары.
Жәрмеңке екі күн бойы болады, елорда тұрғындары азық-түлікті базардағы бағадан 15-20%-ға арзан сатып алады.
Келесі демалыста, 10-11 мауысм күндері Атырау және Жамбыл облыстарының жәрмеңкесі өтеді.