АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. 2017 жылдың 13 мамырынан 1 қазанына дейін өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің сайты.
"ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Жәрмеңкелерді өткізу орындары ретінде "Қазақстан" СК және "Алай" СОСО-ның автотұрақ алаңдары белгіленді", — делінген хабарламада.
Жәрмеңке екі күн қатарынан өткізіледі, елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 15-20%-ға арзанға сатып ала алады.
2017 жылдың 13-14 мамырында дәстүрлі өңірлік жәрмеңкелер маусымын Атырау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары ашады, одан кейін кесте бойынша өткізіледі:
- Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары – 13-14 мамыр
- Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары – 27-28 мамыр
- Атырау және Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары – 3-4 маусым
- Атырау және Жамбыл облыстары – 10-11 маусым
- Атырау, Алматы және Ақтөбе облыстары – 17-18 маусым
- Атырау, Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстары – 24-25 маусым
- Атырау, Жамбыл, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары – 1-2 шілде
- Атырау, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары – 8-9 шілде
- Атырау, Ақмола және Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары – 15-16 шілде
- Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары – 22-23 шілде
- Атырау, Қарағанды және Жамбыл облыстары – 29-30 шілде
- Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстары – 5-6 тамыз
- Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары Алматы облыстары – 12-13 тамыз
- Атырау, Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары – 19-20 тамыз
- Атырау, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл – 26-27 тамыз
- Атырау, Ақмола облыстары – 2-3 қыркүйек
- Атырау, Павлодар және Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары – 9-10 қыркүйек
- Атырау Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары – 16-17 қыркүйек
- Атырау, Қарағанды облыстары – 23-24 қыркүйек
- Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары – 30 қыркүйек — 1 қазан